«Шашын тақырлап алып, зорлаған»: талдықорғандық қыздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты

0
435

Қазір полиция қылмысқа күдікті ретінде ұсталған өгей әкені зорлауға қатысты қайта тексеруді бастады.


«Шашын тақырлап алып, зорлаған»: талдықорғандық қыздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты

ERNUR.KZ. Осыдан үш айға жуық уақыт бұрын жоғалған Карина Дарохинаның мүрдесі бірнеше күн бұрын Текелі тауынан табылған болатын. Кеше жасөспірім қыздың өліміне қатысты жаңа деректер мәлім болды, деп жазады inform.kz.


Сараптамашының болжамы бойынша, Каринаны арқанмен буындырып өлтірген. Оған дейін қыздың шашын тақырлап алып тастағаны да белгілі болды. Ең сорақысы, сараптама оқушының жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын да анықтаған.

«Оқушы қыздың мәйітіне жасалған сараптаманың алғашқы нәтижесі бойынша оны буындырып өлтірген деген қорытынды жасалды. Сондай-ақ, жасөспірімнің бұған дейін сексуалдық қарым-қатынаста болғаны және шашын тақырлап алып тастағаны анықталды, - деп хабарлады жергілікті полициядағы ақпарат көзі.


Қазір полиция қылмысқа күдікті ретінде ұсталған өгей әкені зорлауға қатысты қайта тексеруді бастады. Сондай-ақ оның отбасындағы басқа да балалары тиісті тексеруден өткізілмек. Және бүгін Талдықорғандағы жақындары мен достары Карина Дарохинаның денесін жер қойнына тапсырды.