Шетелден ұшып келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды

0
2 253

8 қаңтарда Қазақстанға 20 халықаралық әуе рейсі келді.


Шетелден ұшып келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 8 қаңтарында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылғы 8 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Италия, ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Әзербайжан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.
1 980 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 751 адам, анықтамасыз 229 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 820 жолаушы, анықтамамен - 746; анықтамасыз - 74;
Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 121 жолаушы, анықтамамен - 966, анықтамасыз - 155;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 23 жолаушы анықтамамен келген;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 16 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

- 2021 жылдың 7 қаңтарында анықтамасыз келген 275 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - делінген хабарламада.