ШҚО-да 12 вагон рельстен шығып кетті

0
447

12 вагонның дөңгелек жұптары рельстен шығып кеткен, бірақ аударылмаған.


ШҚО-да 12 вагон рельстен шығып кетті

ERNUR.KZ. «Бұқтырма-Заводинка» темір жолының учаскесінде жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп жазады ulysmedia.kz.

12 вагонның дөңгелек жұптары рельстен шығып кеткен, бірақ аударылмаған.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екені хабарланды.

“Жағдайды Алтай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының билігі бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері дереу жұмылдырылды. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр. Жүк құрамы кен және көмір тасымалдаған”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетіп, салдарынан жолаушылар пойызы кестеден кешіккен.