ШҚО-да билеп жүрген "прокурордың" видеосы тексеріліп жатыр

0
636

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі бұл видео туралы білетінін айтты.


ШҚО-да билеп жүрген

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында "прокурордың" видеосы тексеріліп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Telegram-дағы Kozachkov offside каналында видео тараған. Онда би алаңында адамдардың билеп жүргенін көруге болады. Желідегі жазба авторының айтуынша, видеода Өскемен қаласының прокуроры да бар.

Видеода ер адамның билеп, өзін видеоға түсіргенін көруге болады. Кейін ол жанындағы билеп тұрған қызды көрсетеді.


"Өскемендік прокурорлар мықты, жақсы жұмыс істеп, жақсы демалады. Бірақ бір сұрақ бар! Бұл видео карантин уақытында түсірілген бе?", - дейді желідегі жазбаның авторы.


Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі бұл видео туралы білетінін айтты.

"Қазіргі таңда бұл фактілерді тексеріп жатырмыз", - дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.