ШҚО-да бір жарым жасар бала жоғалып кетті

0
992

Жоғалған сәбиді іздеуге 400-ден астам адам жұмылдырылған.


ШҚО-да бір жарым жасар бала жоғалып кетті

ERNUR.KZ. ШҚО-да полицейлер мен еріктілер жоғалып кеткен сәбиді іздестіріп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

17 тамызда Алтай аудандық полиция бөлімшесіне Средигорное ауылының тұрғыны хабарласып, 2017 жылғы баласы ауладан шығып кетіп, жоғалып кеткенін айтқан.

"Хабарлама түсе салысымен іздеу шаралары ұйымдастырылып, аудандық полицияның жеке құрамынан 100 адам, ТЖ департаментінің 24 қызметкері, 300-ге жуық ерікті жұмылдырылған. Средигорное ауылының аймағы мен жақын маңдағы ауылдардың барлығы қамтылған. Квадрокоптер көмегімен төбеден де іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. 36 арнайы техника мен атты патруль жұмылдырылды", - делінген полиция хабарланған. Полиция өкілдері 2017 жылғы Әлихан Талғатовтың суретін берген.

"Бойы 80-90 сантиметр, шашы қара, қысқа. Үсіне балықтардың суреті бар көк түсті футболка, көк-сары шорты, қара шұлық киген", - делінген хабарламада.

Полицейлер қандайда бір мәліметті білген жағдайда 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.