ШҚО-да қалаға қайта алмаған жаттықтырушылар мен балалар құтқарылды

0
595

Олардың азық-түлігі таусылған.


ШҚО-да қалаға қайта алмаған жаттықтырушылар мен балалар құтқарылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ТЖД құтқарушылары ауа райына байланысты қалаға қайта алмаған спорт клубының жаттықтырушылары мен балаларға көмектесті, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, құтқарушыларға Глубокое ауданы Топчиха ауылындағы балаларға арналған спорт клубтарының бірінде 2 жаттықтырушы мен 8 бала қалғаны, олар ауа райы қолайсыздығынан ауылдан Өскеменге орала алмай жатқаны туралы хабар келіп түскен. Олардың азық-түлігі таусылған. Көмекке ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын "ШЕРП" техникасымен келген. Құтқарушылар жаттықтырушылар мен балаларды қалаға аман-есен жеткізген. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.