Шошқаға ұқсайтын қойлардың видеосы жұртты дүрліктірді

0
1 959

Ғаламтор қолданушылары шошқа мен қойды будандастырылған деп топшылады.


Шошқаға ұқсайтын қойлардың видеосы жұртты дүрліктірді

ERNUR.KZ. Желіде бас кейпі шошқаға ұқсайтын қойлардың бейнежазбасы тарап, басым бөлігін ислам дінін ұстанушылар құрайтын Қазақстан халқын уайымдатып қойды деп жазады Ulysmedia.kz.

Ғаламтор қолданушылары шошқа мен қойды будандастырылып, елімізде сатылатынына алаңдаулы. Тіпті базарда дайын ет алғанда қалай айырамыз деген пікір қалдырған.


Алайда шошқа мен қойды шатастырып, автор жұртты әдейі шатастырып отыр, бірінші роликте шошқаның терісінде жүн бар «венгр мангалицасы» деген түрі, екіншісінде қойдың «тексель (белтекс)» тұқымы деп пікір білдіргендер де болды. Осылайша Қытай Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға арнап қой мен шошқаны шағылыстырғаны жайлы ақпарат жоққа шығарылуда.