"Шүкір кеші": Меккеге 100 рет барған қажы дүркіретіп той жасады (видео)

0
3 213

Той иесі 16 мыңнан астам Қазақстан қажыларын Сауд Арабиясына алып баруға жетекшілік еткен.


фотоколлаж: kaz.nur.kz.

ERNUR.KZ. Үлкен қажылықта 22 рет, умра қажылығында 78 рет болған Амангелді қажы Еренғайыпұлы дүркіретіп той жасады. Ұлан-асыр кештің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп жазады kaz.nur.kz.

Осы уақытқа дейін 16 мыңнан астам Қазақстан қажыларын Сауд Арабиясына алып баруға жетекшілік еткен ол тойға Қазақстанның туын көтерген жігіттермен, еңгезердей батыр азаматтармен шықты.

Ал асаба той иесін қарсы алып тұрған меймандарға қажының жетістіктерін тізіп берді.

"1992- 1994 жылдары Меркі қаласындағы медреседе діни сауатын ашқан, 1994 жылы Египет астанасы Каир қаласының әйгілі Әл-Азхар университетіне оқуға қабылданып, 1999 жылы бітірген. 2002 жылдан бастап "Спутник Қазақстан" туристік компаниясында қажылық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Оған қоса, Рухани білім жетілдіру институтының директоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, көптеген ғылыми еңбектердің авторы. 2002 жылдан бері "Нұр Қазақстан" қажылық компаниясының президенті, 100 мәрте қажылықта болған Амангелді қажы Еренғайыпұлын ортаға шақырайық",- деді ол.




100 рет қажылыққа барғанын дүркіретіп атап өткен Амангелді қажыға жұрт екі түрлі пікір қалдырып жатыр.

Бірі оның әрекетін жақтаса, енді бірі мұндай астамшылықтың қажет емес екенін айтуда.