Шығыс Қазақстан облысында суықтан бірнеше адамды үсік шалған

0
350

Олар медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр.


Шығыс Қазақстан облысында суықтан бірнеше адамды үсік шалған
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында бірнеше күн бойғы қатты аяз салдарынан суықта қалған адамдар медициналық мекемелерге жеткізіліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

YK-news жазуынша, екі адам қатты тоңып, дене қызуы төмендеп кетсе, тағы бір адамды үсік шалғаны анықталды.

«8 желтоқсаннан бері жедел жәрдем көліктері медициналық мекемеге үш адам жеткізілді. Соңғысы ауруханаға жатқызылды», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Көбінесе науқастар мұрын, бет және құлақ үсуі себептерімен ауруханаға түсіп жатыр.

Үсік шалудың негізгі белгілері: тері бозарып, сезімталдығын жоғалтады, ауырсыну пайда болады.

«Суық ауа райында балалар ерекше бақылауды қажет етеді. Балалардың ересектерден айырмашылығы, олар үсік шалу белгілерін сезіне бермейді» , - деді облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың травматология бөлімінің меңгерушісі Рафаэль Гафуров.