Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеулер 30 желтоқсанға дейін ұзартылды

0
652

Шектеу шаралары эпидахуалға байланысты қайта қаралуы мүмкін.


Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеулер 30 желтоқсанға дейін ұзартылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп жазады sn.kz

Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 30 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бұл туралы ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.

Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 13,7%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,8.

Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.