«Шымбұлақ» ТМД-дағы ең үздік тау курорттарының бірі деп танылды

0
1 411

Ресей және ТМД елдеріндегі таулардағы белсенді жазғы демалыс үшін танымал ТОП-10 курорттар тізімінде Шымбұлақ та бар.


«Шымбұлақ» ТМД-дағы ең үздік тау курорттарының бірі деп танылды

ERNUR.KZ. «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты жазда белсенді демалуға және треккингке арналған Ресей мен ТМД елдерінің таулы курорттары рейтингісінде екінші орынға ие болды, деп жазады 7kun.kz.

Ресей және ТМД елдеріндегі таулардағы белсенді жазғы демалыс үшін танымал ТОП-10 курорттар мен орындар: Қызыл алаң (Сочи), Шымбұлақ (Алматы, Қазақстан), Қырым таулары (Қырым), Шахдаг (Әзірбайжан), Домбай (Қарашай-Черкессия), Катун жотасы (Таулы Алтай), Приэльбрусье (Кабардино-Балкария), Шерегеш (Кемеров облысы), Хибин (Мурман облысы) және Қаракөл (Қырғызстан).

Айта кетейік, аталмыш рейтинг курорттардың танымалдығын, инфрақұрылымның дамығандығын және көліктік қолжетімділікті талдау нәтижелері бойынша жасалды.