Шымкентте қоқыс полигонының ауқымы кеңейеді

0
863

Қоқыс қалдықтарын шешудің бір жолы – қалада тұрақты түрде сенбіліктер өткізіп тұру қолға алынған.


Шымкентте қоқыс полигонының ауқымы кеңейеді

Көрнекілік үшін фото Шымкент қаласы әкімінің instagram.com желісінен алынды

Айнала қоршаған ортаға келетін зиянның бірі де бірегейі бүгінде қоқыс болып отырғаны рас. Жер қойнауы да шексіз емес. Қанша қоқысты адамзат көміп, ол «жұтқанымен», шірімей, «қорытылмай» бір кездері тіршілік әлеміне қайтарылған жауабы болуы әбден мүмкін. Бұл турасында әлеуметтік желіде жүрген түрлі кездейсоқ видеожазбалар да дәлел болады. Мәселен, мұхит, теңіз толқығанда толқынмен жағаға шығып қалатын қоқыстар...

Әр минут сайын тек мұхиттың өзіне бір қоқыс таситын көлік толы шамасында пластик тасталады екен. БҰҰ ресми сайтының келтірген дерегінше, егер адамзат тастап жатқан қоқыс көлемін бір ел деп алсақ, ол әлемде жылыжайдан бөлінетін зиянды газды атмосфераға жіберетіндердің қатарында үшінші орын алатын көрінеді.

Бұл турасында іріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттериш биылғы жылы бірінші рет атап өтілген Халықаралық қоқыссыз әлем Күнінде былай деген болатын:

«Адамзат планетаға қазір қоқыс полигоны сияқты қарайды».


Расында қоқыс деген не және біздің пайдаланған заттарымыз бен азық-түлігіміздің қаншасы қоқысқа кетіп жатыр?

Әлемдік статистикаға сүйенсек, азық-түліктің 17 пайызы қоқыс шелегіне кетеді екен. Ал енді бұған орташа есеппен әлемдегі 800 миллион адамның тағамды толық жемей қоқысқа лақтыратынын қосыңыз.

Электронды қалдықтардың тек 25 пайызы ғана қауіпсіз утилизация жасалады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың 55 пайызы ғана арнайы бақыланатын мекемелерде цтилизация жасалып жатыр. Оған қатты тқрмыстық қалдықтардың мөлшері күннен күнге өсіп жатқанын тағы қосыңыз. 2050 жылдарға қарай мұндай қалдықтар 2,24 миллард тоннадан 3,88 миллиард тоннаға өсуі мүмкін екендігін айтып дабыл қағады мамандар.


Бұл келтірілген деректер Жер шарындағы бүкіл адамзатқа қатысты. Әлбетте, Қазақстан да мұндай проблемалардан шет қалмайды. Себебі, қоқыс мәселесі біздің елімізде де бар, оны мойындауымыз қажет. Десек те тиістілер өзекті мәселені шешуден шет қалып жатқан жоқ. Соның бірі – 2021 жылы еліміздің экологиялық мәселелерін шешеуге бағытталған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.

«Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты - халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру және экологиялық жағдайды жақсарту. Оның ішінде атмосфералық ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен тиімді жұмыс істеу, суды тиімді және ұқыпты пайдалану, Балқаш көлі мен Солтүстік Арал теңізінің экожүйелерін сақтау, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері мен ихтиофаунаның санын ұлғайту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, жасыл екпелер алаңын ұлғайту, табиғат пен жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауға дағдыландыру арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау және халықтың экологиялық санасын жаңғырту» делінген жоба құжатында. Негізгі 4 бағыттан тұратын жобаның 1 бағыты – «Таза Қазақстан».

Тарқатып айтар болсақ, бұл бағытта еліміздегі негізгі экологиялық мәселелерді шешу көзделген болатын. Оның ішінде атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздің су объектілерінің экожүйелерін сақтау сынды мәселелерге басымдық берілген.

Бірнеше мәселені топтастырған бағыттың бір парасы – қалдықтарды басқару. Бұл еліміздегі мегаполистер, ірі қалалар мен облыс, аудан орталықтарындағы мәселе деуге болады. Әрине, еліміздің бүкіл өңірін қамтиды-ақ, дегенмен адам саны көп қалаларда мәселенің шешімі де күрделілеу болатыны рас.


Осы орайда қалдықтарды басқару көрсеткіші мен ол бойынша атқарылған шаруалар барысына қатысты сұрақтарымызды еліміздегі үшінші мегаполис Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту Басқармасына жолдаған болатынбыз. Аталған басқарманың мәліметінше, ұлттық жоба аясында биылғы жылы біршама шаруалар атқарылғаны туралы деректер келтірді.

Жайлы ортады дамыту Басқармасының ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда, Шымкент қаласы аумағындағы қалдықтарды фракция бойынша жинау мақсатында қажетті инфрақұрылымдар жасақталған. Атап айтқанда, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша 2023 жылы қалдықтарды фракциялар бойынша жинау үшін 125 контейнер орнату қарастырылған.

2023 жылы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран ауданы әкімдіктері тарапынан (әр ауданнан 25 дана контейнер) 125 контейнер қалдықтарды фракция бойынша бөлек жинауға орнатылыпты.


Сонымен қатар, жеке тұлғалардың ірі көлемді қоқыс пен құрылыс қалдықтарына арналған жер көлемі 12 м3 алаңшаны рәсімдеу мақсатында 32 бос жер телімдері анықталып, қазіргі уақытта құжаттары рәсімделуде екен. Ірі көлемді қоқыс пен құрылыс қалдықтарына арналған алаңшаларға контейнерлерді сатып алу үшін, 2024 жылы бюджеттік нақтылауға ұсыну жұмыстары жүргізілмек.

Осыған орай, ҚР Экология кодексінің 367 бабы 4 тармағына және ҚР Экология және табиғи ресуртар министрінің 2023 жылғы 6 қарашадағы №302 бұйрығына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс (тендер) өткізу мақсатында қала аумағын аумақтарға (лот) бөлу жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттар дайындалыр жатқан көрінеді.

Жоғарыдағыларға байланысты, тұрмыстық қатты қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс (тендер) жобасына қалдықтарды фракция бойынша бөлек жиналған және құрылыс қалдықтарын тасымалдау үшін қажетті арнайы мамандандырылған техникалар бойынша талаптар қойылмақ.


Сенбіліктер тұрақты өткізіліп тұрады

Қоқыс қалдықтарын шешудің бір жолы – қалада тұрақты түрде сенбіліктер өткізіп тұру қолға алынған. Бұған дәлел «Birge-Taza Qazaqstan» республикалық, «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2023)» жыл сайынғы экологиялық іс-шаралар және Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен өткізілген «Таза қала – өзіңнен басталады» акциялары.

Қоқыстан тазартудан бөлек, қала аумағында өткізілген сенбіліктерде ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары да белсенді атқарылған болатын. Жыл бойы өткізілген сенбіліктерге мегаполс тұрғындарының 51 пайыздан астамы қатысты деп дерек келтіреді Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту Басқармасы. Бұл дегеніміз - 550 мыңға жуық адам қатысты деген сөз.

Басқарма мәліметтеріне сүйенсек, қала тұрғындаыр арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында, санитарлық тазалықты сақтауды және тұрмыстық қатты қалдықтар шығаратын арнайы мекемелермен келісім-шартқа тұру, қоқыстарды арнайы контейнерге салу бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілір отыр.

Сонымен қатар, қала аумағындағы коммерциялық нысан иелеріне қатты тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тастауды және құрылыс қалдықтарын арнайы мекемелермен шығару бойынша ақпараттық насихаттау шаралары ұйымдастырылған және тұрақты түрде жүргізіле де береді.


Қоқыс полигонының жағдайы қалай?


Естеріңізде болса, Шымкент қаласы Ақтас-1 елді мекенінде орналасқан қолданыстағы ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) полигоны 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекет меншігіне қайтарылғандығы хабарланған болатын. Қазіргі таңда, ҚТҚ полигоны Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шымкент сушар» МКК-ң теңгерімінде көрінеді.

Басқарма мәліметінше, ҚТҚ полигонындағы 1,5 млн тонна жартылай көмілген және 250 мың тонна бей-берекет шашылған қоқыстар толықтай ретке келтірілген.

Бүгінде әлем елдері қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға ден қойғаны белгілі. Бұл үрдістен Шымкент қаласындағы қоқыс полигоны да шет қалмаған. Мәселен, биылғы жылы онда тасталған қоқыстың 30 пайызға жуығы сұрыпталған көрінеді. Бұл дегеніміз жыл басынан бері қабылданған 221 931, 79 тонна қоқыстың 65 535, 805 тоннасы сұрыпталған.


Шымкентте қоқыс полигонының ауқымы кеңейеді

Бұл туралы да Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту Басқармасы маңызды мәлімет келтірді.

Бүгінде қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жанынан жаңа полигон құрылысына 30 гектар жер телімі қарастырылып, рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде екен. Атап айтқанда, ҚР Жер кодексінің 151 бабының 4 тармағына және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №379 бұйрығының 5 тармағына сәйкес, жерге орналастыру жобасы әзірленіп, қаулы жобасы әзірленіп жатқандығын хабарлады.

Қоқысты өңдеп қайта жарату үрдісі де жуық арада Шымкент қаласында орын алып жатқандығын еститін күн алыс емес сияқты. Себебі, шымкенттік қоқыс полигонына қызығушылық танытқан шетелдік инвесторлар да жоқ емес көрінеді. Қала әкімдігіне шетелдік инвесторлардан қоқыс өңдейтін немесе қоқыс өртейтін зауыт салу жөнінде бірнеше ұсыныстар түскен. Сонымен қатар, әрбір инвестор үшін Шымкент қаласы қалдықтарының морфологиялық құрамы туралы деректер ұсынылып, қалдықтарды алдын ала 100% сұрыптау шарттары қойылуда екендігін жеткізді Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту Басқармасы.

Қайсыбір жоба балмасын, халық үшін, елдің болашағы үшін жасалатыны және жоспарлы түрде іске асатыны белгілі. Демек, Шымкент қаласында да қоқыс мәселесі оңынан шешіліп, проблемаға айналмай дер кезінде тиісті шаруалар жіті атқарылады деп сенейік.

ERNUR.KZ.