Шымкенттен шыққан 54 жолаушы мінген автобус жолда аударылып қалды

0
438

Автобуста 56 адам болған - екі жүргізуші және 54 жолаушы, оның ішінде үш бала.


Шымкенттен шыққан 54 жолаушы мінген автобус жолда аударылып қалды

ERNUR.KZ. 17 наурызда таңертең Ресейде Неміс ұлттық округіне қарасты Гришковка ауылы маңында Шымкент-Новосибирск бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, автобус бүйіріне аударып қалған.

Автобуста 56 адам болған - екі жүргізуші және 54 жолаушы, оның ішінде үш бала. Барлығы жеті адам зардап шеккен (жеңіл жарақат, зардап шеккендер арасында балалар жоқ). Барлығын жедел жәрдем қызметкерлері тексерді. Бір адам Славгород ауруханасына жатқызылған.

Өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері автобусты көтеріп қойды. Жолаушылар көлігі жүріп тұр.

"Жүргізушілер автобуспен Қазақстанға өз бетінше шықты. Жолаушыларға Новосибирск қаласындағы межелі жерге жеткізу үшін автобус беріледі", - делінген хабарламада.