СІМ: 361 отандасымыз Украина-Польша шекарасынан өтті

0
666

1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның 361 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті.


СІМ: 361 отандасымыз Украина-Польша шекарасынан өтті

Шекарада тағы 40 отандасымыз өз кезегін күтіп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, Польшадағы біздің елшілік азаматтарымыздың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін Польша жағындағы шекарада тәулік бойы дипломаттар кезекшілігін ұйымдастырған.

Air Astana әуе компаниясының екінші эвакуациялық ұшағы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-да Катовице-Атырау бағыты бойынша ұшып шықты. Атырауға техникалық қону қажеттілігінен кейін Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кетеді. Бортта 120 ересек және 4 бала бар.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтарды Украинадан отанына қайтаруды ұйымдастыру жұмысын жалғастырып жатыр.