СІМ: Түркия, Ресей, Иранда сайлау учаскелері жұмыс істей бастады

0
806

Тегеран, Эр-Рияд, Джидда, Амман және Дохада, Анкара, Ыстанбұл және Анталияда сайлау учаскелері ашылды.


СІМ: Түркия, Ресей, Иранда сайлау учаскелері жұмыс істей бастады

ERNUR.KZ. Әлемнің бірқатар елінде сайлау учаскелері ашылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Тегеран, Эр-Рияд, Джидда, Амман және Дохада, Анкара, Ыстанбұл және Анталияда сайлау учаскелері ашылды.

Сонымен қатар Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан және Кувейт, Аддис-Абеба, Минск пен Брестте сайлау учаскелері дауыс берушілер үшін есіктерін ашты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана уақытымен таңғы сағат 4-те Сеулде №258 және Токиода №261 сайлау учаскелері әлемде бірінші болып ашылып, жерлесіміз Ельнур Асанов Сәулде алғашқылардың бірі болып дауыс берді.