СІМ: Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімінде қазақстандықтар жоқ

0
450

Дипломаттар Түркияда жүрген қазақстандықтармен байланыста, студенттер қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттандырылды.


СІМ: Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімінде қазақстандықтар жоқ

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімінде қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Бұл жөнінде 2023 жылғы 7 ақпанда өткен арнайы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

"Түркиядағы дипломаттар Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрақты байланыста. Әзірге тізімде зардап шеккен немесе қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ. Бұған қоса қирандылар көп болғандықтан, құтқару жұмысы жалғасып жатқанын ескерген жөн», – деді ол.

СІМ өкілінің сөзінше, дипломаттар Түркияда жүрген қазақстандықтармен байланыста, студенттер қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттандырылды.