СҚО-да белгісіз біреулер ауыл зираттарын қиратып кеткен

0
473

Сотқа дейінгі тергеу басталды.


СҚО-да белгісіз біреулер ауыл зираттарын қиратып кеткен

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз біреулер қасиетті Рамазан айында бейіттерді қиратып, жан-жағын шашып кеткен, деп жазады stan.kz.

Жергілікті тұрғын мәселе бойынша полицияға арызданған. СҚО полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

“17 сәуірде СҚО Айыртау ауданының ПБ-не 61 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны 2023 жылдың басынан 15 сәуірге дейінгі аралықта белгісіз біреулер Айыртау ауданы Жұмысшы ауылының маңындағы зиратта орналасқан ата-анасының бейітін қорлағанын айтып арызданған”, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды. Бұған дейін бейітте темір қоршаудың бір бөлігінің жоқ екені анықталған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.