СҚО-да мектеп шатырында қар күреп жүріп құлаған ер адам қайтыс болды

0
656

62 жастағы шаруашылық меңгерушісі оқыста төбеден құлаған.


СҚО-да мектеп шатырында қар күреп жүріп құлаған ер адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында мектептің шатырын қардан тазартып жүрген ер адам құлап, қайтыс болды, деп жазады inform.kz.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, оқиға Ғабит Мүсірепов ауданының Сокологоровка орта мектебінде болған.

Сағат 12.00 шамасында мектептің шатырының қарын түсіруге шаруашылық меңгерушісі мен жұмысшы мінген.

Шамалыдан кейін 62 жастағы шаруашылық меңгерушісі оқыста төбеден құлаған.

Ер адамның кенеттен өліп кетуіне жүрек ауруы себеп болған екен.

Өлім туралы медициналық куәлікте ер адамның миокард инфарктін алғаны көрсетілген.