СҚО-да жер үй өртеніп, екі бала қайтыс болды

0
427

Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.


СҚО-да жер үй өртеніп, екі бала қайтыс болды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында жер үй өртеніп, оқиға орнынан екі баланың денесі табылды. Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ТЖД мәліметінше, «101» қызметіне 1 сәуір күні сағат 10.11 минут кеткенде Есіл ауданындағы Ильинка елді мекенінде тұрғын үйдің өртенгені туралы хабар түседі.

Өрт сөндірушілер жеткенге дейін тұрғындар оқиға орнынан сегіз және екі жасар баланың денесін тапты.

Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.