​СҚО-да жол шетінен екі адамның мәйіті мен балалар арбасында жатқан сәбиді табылды

0
2 489

Ер адам екі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін және оқиға орнынан кетіп қалған.


​СҚО-да жол шетінен екі адамның мәйіті мен балалар арбасында жатқан сәбиді табылды

СҚО полицейлері жол шетінен екі адамның мәйіті мен арбада жатқан кішкентай баланы анықтады, – деп жазады Polisia.kz.

5 тамыз сағат 23:40-та Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарақоға мен Надежка ауылдарының арасындағы жолдың шетінде еш қимылсыз екі адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнынан полиция қызметкерлері осы ауданның 38 және 35 жастағы тұрғындарын, ер адам мен әйел адамның денесін анықтады.

Сондай-ақ оқиға орнынан алыс емес жерде балаларға арналған қоларбада жатқан кішкентай бала табылды. Ол жедел жәрдем көлігімен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. 2022 жылы туған бала жарақаттар алмағаны белгілі болды. Қазір бала орталық аудандық ауруханадағы балалар бөлімінің бақылауында.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Образец ауылында жол апатының белгілеріне ұқсас сыртқы зақымдары бар Toyota Land Cruiser автокөлігі анықталды. Автокөліктің жүргізушісі, (көліктің иесі) Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Жауап ала келе ер адам екі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін және оқиға орнынан кетіп қалғанын айтты.

Жүргізілген медициналық куәландыру Тoyota Land Cruiser жүргізушісінің алкогольдік масаң күйде екенін көрсетті. Аталған факті ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы), 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу” және 119-бабының 1-бөлігі “Қауiптi жағдайда қалдыру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.