СҚО: екіқабатты тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам көз жұмды

0
1 375

СҚО әкімі мәлімдеме жасады.


СҚО: екіқабатты тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов газ-ауа қоспасының жарылуынан өрт болған екі қабатты тұрғын үй орналасқан Аққайың ауданы, Смирново ауылында болды, деп жазады Zakon.kz.

Айта кетсек, 8 желтоқсанда түскі уақытта Смирново ауылылында екі қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде газ баллоны жарылып, жасөспірім көз жұмды. Тағы бір адам зардап шекті. Ол аудандық ауруханаға, кейін қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Өрт шыққан үйден 9 адам эвакуацияланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 22 жастағы жігітке қойылған диагноз: 2-3 АБ деңгейіндегі термикалық күйік, 2 дәрежелі термикалық шок, дене терісінің 60 пайызын күйік шалған.

"Өкінішке қарай, өрт бір адамның өмірін қиды. Отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Зардап шеккен отбасыға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Қыстың келуімен тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі мәселесі өзекті болып отыр.

"Бүгін таңертең қала және аудандар әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, онда өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтау мен алдын алудың маңыздылығын тағы бір мәрте атап өттім. Сондай-ақ, тұрғын үйлер мен нысандардағы газ баллондардың бар-жоғын тексеріп, тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, келесі жылы аудандық көпқабатты үйлерді жылуға қосуды жоспарлауды тапсырдым", - деп атап өтті облыс әкімі.