СҚО кәсіпкерлеріне 300 млн теңге қаражат қайтарылады - прокуратура

0
463

Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында фискалдық орган салық төлеушілермен құқықтық түсіндіру іс-шараларын жүргізді.


СҚО кәсіпкерлеріне 300 млн теңге қаражат қайтарылады - прокуратура

ERNUR.KZ. СҚО кәсіпкерлеріне 300 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады. Прокурорлар табиғатты пайдаланушылар экологиялық алымның жойылғанын білмей, төлем жасай бергенін анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

2022-2023 жылдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 574-бабын бұза отырып, облыстың 8 мыңнан астам табиғат пайдаланушысы қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін жалпы сомасы 321,4 млн.теңге төлем төлеген, ал іс жүзінде олар осы төлемдерден босатылған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыстың Мемлекеттік кірістер департаменті берілген өтініштер негізінде субъектілерге 11,8 млн теңгені қайтаруды қамтамасыз етті, қалған сома бойынша жұмыс жалғасуда.

Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында фискалдық орган салық төлеушілермен құқықтық түсіндіру іс-шараларын жүргізді.