SMM туралы қазақша кітап шықты

0
3 209

Алматы жұртшылығына бұл кітапты таныстыру 24 желтоқсан күні өтеді.


SMM туралы қазақша кітап шықты

ERNUR.KZ. Нұрлан Жанайдың «Сиқырлы SMM» атты кітабы жарық көрді, деп жазады ҚазАқпарат.

"Сиқырлы SMM - атына заты сай кітап екен. Сиқыры - кітаптың ерекше форматында. Гарри Поттер стилінде болғанымен, ол фильмді көрмеген болсаңыз да ештеңе жоғалтпайсыз. Өйткені барынша қарапайым, түсінікті тілде жеткізген. SMM үйренуге де міндетті емессіз. Интернеттегі өмір, әдеп, қолдану, психология, барлығы жазылған. Құпиясөзді қалай құру керектігінен бастап, әлеуметтік желі, желі психологиясы сияқты тақырыптар қамтылған.Кітап авторлары Нұрлан Жанай мен Абзал Досымнан бөлек көркемдеуші дизайнер Данияр Тәжімбеттің де еңбегін айта кету керек. Әдемі шыққан!», - деп жазды Аршат Ораз есімді Фейсбук қолданушы.

Айта кетейік, кеше кітап авторлары елордада туындыларының ресми таныстырылымын өткізген болатын. Ал Алматы жұртшылығына бұл кітапты таныстыру 24 желтоқсан күні өтеді.