СҚО: Оңтүстіктен көшіп барғандардың үштен бірі ғана жұмыспен қамтылды

0
1 300

- Жұмысқа жарамды қоныс аударушылардың 29%-ы (26 адам) жұмысқа орналасты. Соның ішінде ауыл шаруашылық саласына 14 адам, білім саласына төрт, денсаулық сақтау саласына үш адам, басқа салаларда бес адам жұмысқа тұрды, - деді Сергей Яковенко.


СҚО: Оңтүстіктен көшіп барғандардың үштен бірі ғана жұмыспен қамтылды

Солтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері барлығы 203 адам қоныс аударды. Бүгінге дейін жұмысқа жарамды 89 адамның тек 29 пайызы ғана қызметке орналасқан. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Сергей Яковенко айтты,-деп хабарлайды azattyq.org.

- Жұмысқа жарамды қоныс аударушылардың 29%-ы (26 адам) жұмысқа орналасты. Соның ішінде ауыл шаруашылық саласына 14 адам, білім саласына төрт, денсаулық сақтау саласына үш адам, басқа салаларда бес адам жұмысқа тұрды, - деді Сергей Яковенко.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жиында қоныс аударғандарды жұмыспен қамту - басты тапсырмалардың бірі екенін айтып, олардың облыстан кетіп қалмауы үшін барлық жағдайды жасауды тапсырды.

Ресми мәлімет бойынша, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанға 50 отбасы (203 адам) қоныс аударған. Оның ішінде 19 отбасы (77адам) Оңтүстік Қазақстан облысынан, 13 отбасы (55 адам) Жамбыл облысынан, 11 отбасы (47 адам) Алматы облысынан және жеті отбасы (24 адам) Қызылорда облысынан көшіп барған. Бұл көрсеткіш жылдық жоспардың тек 7,2 пайызын құрайды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының айтуынша, жыл соңына дейін барлығы 767 отбасыны (3445 адам) қабылдау жоспарланған.

Статистика бойынша, былтыр облысқа оңтүстік облыстардан 181 отбасы (802 адам) көшіп барған.