Соғыс ардагерлеріне 2,6 млрд теңгеден астам қаржылық көмек беріледі

0
1 398

Жеңіс Күніне орай бөлінген қаржының ең үлкен сомасын Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері алмақ - 519 мың теңге.


Соғыс ардагерлеріне 2,6 млрд теңгеден астам қаржылық көмек беріледі

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 9 мамырда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қандай көмек көрсетілетінін айтты деп жазады baq.kz.

Жеңістің 74 жылдығына орай 88 862 ҰОС ардагерлеріне 2,6 млрд теңгеден астам сомаға бір жолғы материалдық көмек төленеді.

“Қазақстанда 1425 Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен тікелей мүгедектері, сондай-ақ 87 мыңнан астам ҰОС ардагерлері тұрады, олардың ішінде Қоршаудағы Ленинград тұрғындары, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайлары, концлагерьдің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары және басқалар бар”, - делінген хабарламада.

Ең үлкен соманы Шығыс Қазақстан облысында тұратын ардагерлер алмақ - 542 мың теңге, Нұр-Сұлтан қаласында - 519 мың теңге, Ақмола және Павлодар облыстарында - шамамен 500 мың теңге алады. Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында төлем 300 мың теңгені құрайды. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында шамамен 250 мың теңге қарастырылған. Қызылорда облысында 202 мың теңге, Қостанай және Жамбыл облыстарында 150 мың теңгеден.

“Сондай - ақ, Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына - жалпы сомасы 3,4 млн. теңгеге 69 адам, концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына (283 адам - 14,5 млн. теңге), қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайларына (4 179 адам - 79,1 млн. теңге), ҰОС кезінде қаза болғандардың жесірлеріне (364 адам - 11,5 млн. теңге), тыл еңбеккерлеріне (67 479 адам-1,3 млрд. теңге) және ҰОС қатысушылары мен ардагерлеріне теңестірілген басқа азаматтарға (15 066 адам-676 млн. теңге) түрлі біржолғы төлемдер тиесілі”, - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, ҰОС мүгедектерін бірінші кезекте санаторлық-курорттық емдеумен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, протездеу бойынша медициналық қызметтермен, сурдоқұралдармен және басқа да компенсаторлық қосалқы құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету жоспарлануда.