Солтүстік Қазақстан облысында 12 адамды үсік шалды

0
434

Науқастар медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.


Солтүстік Қазақстан облысында 12 адамды үсік шалды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында сарышұнақ аяз басталғалы 12 адамды үсік шалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дәрігерлердің сараптамасынан кейін олардың 5-і ауруханаға жатқызылды. Суықта дала кезіп, қатты тонып қалғандардың көбі аяқ-қолдарын үсіріп алған. Қазір науқастар медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды. Кейбіріне операция жасалуы мүмкін.

Өңірде бір аптадан бері аяздың беті қайтар емес. Ауа температурасы кей жерлерде 35-40 градусқа дейін төмендеді. Ақ халаттылар жылы киініп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.

«Аязды күні жолға шығып, көлігі сынған азаматты үсік шалды. Бұл тізімде мал іздеп, ермек үшін балыққа барғандар, ішімдік ішкендер және тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар да бар. Қазір ауруханаға жатқызылған науқастар ем қабылдап жатыр», - деді қалалық көпбейінді аурухананың баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова.