Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің 3 адамы өлі табылды

0
768

Бір отбасы мүшелерінің үйде ес-түссіз жатқанын туысқандары көрген.


Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің 3 адамы өлі табылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында 3 адам пештің түтініне тұншығып, көз жұмды. Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданында Новоселов ауылында болған, деп жазады zakon.kz.

Бір отбасы мүшелерінің үйде ес-түссіз жатқанын туысқандары көрген.

Ерлі-зайыпты мен олардың қызы иіс тиіп, оянбаған. Ал ұлы тірі қалыпты. Қазір ол аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Төтенше жағдай мамандары олар пеш дүрбісін ерте жауып тастаған болар деген алдын ала болжам жасап отыр.

"Пештен газ көзге көрінбейді, иісі де жоқ. Сондықтан пешке аса қырағылықпен қарау керек. Дүрбіні мүлдем жаппаған дұрыс. Жыл басынан бастап 24 адам газдан жапа шекті. Жалпы өңірімізде болған өрттің 80%-ы жер үйлерде болады".Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД басшысының орынбасары Дмитрий Растихин