Солтүстік Қазақстанда астықтың 60 пайызы жиналды

0
515

Өңірде үзіліссіз 48 элеватор жұмыс істеп тұр.


Солтүстік Қазақстанда астықтың 60 пайызы жиналды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан диқандары егіннің 60 пайызын жинады. Өнім бірден астық сақтау орындарына жеткізілуде, деп жазады zakon.kz.

Өңірде үзіліссіз 48 элеватор жұмыс істеп тұр. Жалпы сыйымдылығы 6,9 млн тонна. Мамандар қойма тапшылығы болмайтынын жеткізді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі элеваторларға астықты кептіру мақсатында 19,7 мың тонна дизельдік отын бөлді.

Қазір жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай алғысы келетін кәсіпкерлерден өтініш қабылдануда. Биыл теріскей диқандары 4,5 млн гектар алқапқа тұқым сіңірген болатын. Астықтың орташа өнімділігі гектарынан 10,5 центнер.

"Ауа райына байланысты 10 күндей, екі жұманың арасында аяқтауға мүмкіндік бар. Қоймаларға 500 мың тонна түсті. Көбінесе 3-класс болады."Мейрам Меңдібаев, СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы