Солтүстік Қазақстанда хайуанаттар бағына жұмыс істеуге келген ер адам қолынан айырылды

0
427

43 жастағы ер адам хайуанаттар паркіне жұмысшы ретінде орналасқан.


Солтүстік Қазақстанда хайуанаттар бағына жұмыс істеуге келген ер адам қолынан айырылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында ер адамды аю тістеп алды, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға "Абакшино" демалыс аумағындағы хайуанаттар бағында болған.
"43 жастағы ер адам хайуанаттар паркіне жұмысшы ретінде орналасқан. Ол аумақты жинау және жануарларды азықтандыру үшін қызмет көрсету шарты бойынша сынақ мерзімінде жүрген. Сол кезде оған қоңыр аю шабуыл жасаған", - дейді ведомство.
Ер адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
"Дәрігерлер ота жасап, қатты жараланған бір қолын кескен. Қазіргі күні екінші қолын аман алып қалу үшін күресіп жатыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 156-бабы 2-бөлігі "Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.