Солтүстік Қазақстанда өрттен жеті адам құтқарылды

0
727

Болжам бойынша өрт тоқтың қысқа тұйықталуынан болған.


Солтүстік Қазақстанда өрттен жеті адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Петропавлда пәтерде өрт шығып, жеті адам құтқарылды, деп жазады sputnik.kz.

Өрт төрт қабатты үйдегі пәтерден 24 желтоқсанда сағат кешкі тоғыздар шамасында шыққан.
Куәгерлер түсірген видеодан өрттің үшінші қабат терезесінен лаулап жатқанын көруге болады.
Құтқарушылар үйден 16 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар алты ересек пен бір бала құтқарылды.

Мәлім болғандай пәтерде алты шаршы метр жерде жиһаз өртенген. Болжам бойынша өрт тоқтың қысқа тұйықталуынан болған.