Солтүстік Қазақстанда ВИЧ жұқтырған балалар саны төрт есеге көбейген

0
986

Бүгінде өңірде иммун тапшылығын жұқтырған науқастардың саны бір мыңнан асса, 14-і – балалар.


Солтүстік Қазақстанда ВИЧ жұқтырған балалар саны төрт есеге көбейген

ERNUR.KZ. ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл есепте тұрған балалардың саны бірден төрте есеге артқан, деп жазады egemen.kz.

Бұл санаттағы сырқаттардың көбеюіне еліміздің басқа өңірлерінен, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан көшіп келуі себеп болған.

«ВИЧ жұққан балалардың ең үлкені 12-де. Отбасының тұңғышы. Ата-анасымен тұрады, жалпы білім беретін мектепте оқиды. Антиретровирусты терапиядан өтіп, қажетті дәрі-дәрмекті алып тұрады», дейді орталықтың емдеу-профилактикалық жұмыстар және диспансеризация бөлімінің меңгерушісі Ольга Шилкина.

ВИЧ жұқтырған алғашқы бала Қызылжар ауданында тіркелген. Қыз бала Мәскеу қаласында ем қабылдағанымен, кеселдің асқынуы салдарынан 13 жасында балалар үйінде қайтыс болыпты. ВИЧ сырқатынан сақтану шаралары республикалық, қоғамдық ұйымдардың бастамасымен өтетін семинар-тренингтерде жан-жақты айтылғанымен, мән бермеушіліктің ақыры қайғылы жағдайларға ұшыратып жатады.

Инфекция сәбилерге көп жағдайда анасынан берілсе, жасөспірімдер есірткі қабылдау барысында және ерте жастан қорғанышсыз жыныстық қатынасқа түскенде жұқтыратын көрінеді. Екіқабат әйелден инфекция табылған жағдайда бірден антиретровирус терапиясынан өтеді. Сәбиге де ВИЧ-ке қарсы дәрілер оның салмағына қарай сироппен беріледі.