Солтүстік Қазақстанда жыртқыш аң 50-ге жуық қойды қырып кетті

0
434

Шаруа қожалығына келген шығынның көлемі 1 миллион теңгеге бағаланып отыр.


Солтүстік Қазақстанда жыртқыш аң 50-ге жуық қойды қырып кетті

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында сілеусін бір отар қойды қырып кетті, деп жазаы sputnik.kz.

Айыртау ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде таңғы сағат 5-тің шамасында 44 қойдың қырылып жатқаны анықталды. Бақташылар нақты себебін таппады. Содан бірден аудандық полицияға хабар берген. Оқиға орнынан шұғыл тергеу тобы жіберілді.
"Тексеріс кезінде үй жануарларында тістелген және тырналған жаралар анықталды. Ал тамақ тұсындағы жарақаттар өлімге себеп болған. Бір қойды жартылай жеп қойған", - дейді полицейлер.
Тергеушілер иттердің болғанын жоққа шығарды. Себебі оқиға орнында басқа жабайы жануардың іздері табылған. Ал 500-600 метр шалғай жерде сілеусіннің табанына ұқсас іздер анықталды.
Шаруа қожалығына келген шығынның көлемі 1 миллион теңгеге бағаланып отыр.