«СОНАР-2019»: 4 жасар құсбегі арнайы марапатқа ие болды (фото)

0
1 829

Сайыста еліміздің 60-қа жуық білікті құсбегілерімен қатар, қырғыз елінің он шақты құсбегі және Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарымыз да өнер көрсеткен.


«СОНАР-2019»: 4 жасар құсбегі арнайы марапатқа ие болды (фото)

ERNUR.KZ. NEGE сайты таяуда ғана Алматы облысындағы Хантәңірі етегінде өткен «СОНАР-2019» халықаралық турнирінен фоторепортаж жариялады. Сондағы құсбегілердің арасында арнайы жүлдеге іліккен 4 жасар бала көрген адамды елең еткізбей қоймайды, деп жазады Skifnews.kz.

Сайыс әдеттегідей Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, «Қыран Федерациясы», сондай-ақ, «Қансонар» аңшылық бірлестіктер және аңшылық шаруашылық субьектілері республикалық Қауымдастығы бекіткен Регламентке сәйкес өткен.

Оған еліміздің Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстары, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 60-қа жуық білікті құсбегілер қатысқан. Сонымен қатар, қырғыз елінің он шақты құсбегі және Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарымыз да өнер көрсеткен.