Соңғы 5 жылда елімізде 13085 адам жоғалған

0
617

Көбіне ер адамдар жоғалады екен.


Соңғы 5 жылда елімізде 13085 адам жоғалған

ERNUR.KZ. Үйден шығып, қайтып келмегендер. Құқықтық статистика комитеті мен еліміздің бас прокуратурасы соңғы бес жылда жоғалған адамдар туралы ақпаратты ұсынды. 2015 пен 2019 жылдар аралығында жалпы 13 085 адам іздеуге жарияланған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның 1066-ның денесі табылыпты. Ал, 1716 адамның дерегі әлі анықталмаған. 2015 жылғы сандар көңіл көншітпейді. Жоғалған 3000-ға жуық адамның 448-і табылмаған. 253-і өкінішке орай, тірі болмай шыққан. Былтыр 2 361 жан іздеуге берілсе, 251-і әлі күнге дейін жоқ. 176-ы қайтыс болыпты. Жалпы, 5 жылдың ішінде 100-ге жуық жеткіншек жоғалған. Олар әлі іздестіріліп жатыр.

Статистикаға сүйенсек, көбіне ер адамдар жоғалады екен. Мәселен, өткен жылы 186 ер азамат, 65 әйел адам табылмаған.

Еске салайын, еліміздің заңы бойынша жоғалғандарды іздеу шарасы 10 жыл бойы тоқтаусыз жүреді.