Соңғы екі күнде еуро 16 теңгеге арзандады

0
668

​Бұл 3,1% шамасындағы көрсеткіш.


Соңғы екі күнде еуро 16 теңгеге арзандады

ERNUR.KZ. Еуро бағамы бірте-бірте бұрынғы көрсеткіштерге оралуда, деп жазады inbusiness.kz.

2022 жылғы 7 сәуірдегі ресми көрсеткіш 504,33 теңгені құрайды. Бұл еуропалық валютаның 2021 жылғы орташа құны шамасында. Ұлттық банктің бағамы 503,88 теңге.

Соңғы екі күнде еуро 16 теңгеден астам немесе 3,1%-ға арзандады. Айырбас бағамы ақпанның соңында шарықтап кеткен еді. 16 наурыздан бастап еуропалық валюта 10,5%-ға арзандады. Бір айға жетпейтін уақыт ішінде айырбас бағамы 60 теңгеге дерлік төмендеді.