Соңғы екі күнде Қазақстанда 8 адам суға кеткен

0
700

6 қайғылы оқиға суға түсуге рұқсат етілмеген жерде орын алған.


Соңғы екі күнде Қазақстанда 8 адам суға кеткен

ERNUR.KZ. Өткен демалыс күндері еліміздің су айдындарында 8 адам суға батып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.


«Өткен демалыс күндері еліміздің су айдындарында 8 адам батып кетті. Оның ішінде 6 қайғылы оқиға суға түсуге рұқсат етілмеген жерде орын алған» деп атап өтеді ведомстводан.


Атап айтқанда, 6 маусым күні Қостанай облысының Сарыкөл ауданына қарасты Тимирязев ауыл округінде жасанды су қоймасына 1972 жылы дүниеге келген әйел батып кетті. Ал келесі күні осы облысқа қарасты Медіқара ауданында, Лесное ауылынан 12 шақырым жерде Қарғалы өзеніне шомылған 1976 жылы дүниеге келген азамат суға батып ажал құшты.

6 маусымда Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Қызыл Кордон ауылының тұсындағы жасанды су қоймасына 1988 жылы дүниеге келген жігіт батып мерт болды.

2003 жылы дүниеге келген Өзбекстан азаматының да ажалы судан келді. Ол 6 маусым күні Қапшағай су қоймасында, «Рио» демалыс орны аумағында суға батқан. Осы облыстың Іле ауданында Казцинк ауылынан 10 шақырым жердегі Локатор өзеніне 2001 жылы дүние келген жас жігіт батып кетті.

6 маусым күні Орал қаласында, шаған өзенінде шомылып жүрген 1979 жылы дүниеге келген әйелді маторлы қайық қағып, соның салдарына ол суға батып қаза тапты.

7 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласының маңындағы Озерки ауылынан 3 шақырым жерде Ертіс өзенінен балық аулаған 1951 жылы дүниеге келген азамат ажал құшты. Жеке қорғаныс құралынсыз жүрген ол суға батқан.

Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Ефимовка ауылынан жарты шақырым жерде 1983 жылы дүниеге келген азамат Есіл өзеніне суға батқан 2008 және 2010 жылы дүниеге келген балаларын құтқарамын деп ажал құшты.