Студенттер 230 мың теңгеге сабаннан тиін мүсінін жасады

0
2 362

Желі қолданушылары бұл тиіннің қаладағы алып тиіннен айнымай тұрғанын, қомақты ақша жұмсамай-ақ тиін мүсінін жасауға болатынын айтып жатыр.


Студенттер 230 мың теңгеге сабаннан тиін мүсінін жасады

ERNUR.KZ. Студенттер 230 мың теңгеге жасаған тиін суреті әлеуметтік желілерде таралып жатыр, деп жазады stan.kz.

Тиін мүсіні Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жамбыл ауылында жасалған.

Сурет әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

Студенттер тиінді видеоға түсіріп:

“Біз Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері мен болашақ ауыл шаруашылық мамандары өз қолымызбен осындай тиін жасап шығардық. Біз ауыл шаруашылығының және еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қосқымыз келеді”, – деп оны жасаудағы мақсаттарын айтты.

Олар тұрғындарды “Дала күні” мерекесін тойлауға шақырды.

Желі қолданушылары бұл тиіннің қаладағы алып тиіннен айнымай тұрғанын, қомақты ақша жұмсамай-ақ тиін мүсінін жасауға болатынын айтып жатыр.

Айта кетейік, Алматыда алып тиін мүсіні орнатылып, ел арасында талқыға түскен еді. Сабаннан жасалған тиін мүсініне 23 миллион теңге жұмсалған. Көпшілік жұмсалған ақшаның көптігін айтып сынаған болатын.

Продюсер Баян Мақсатқызы да парақшасына жүктеп: “Тиінді небәрі 230 мың теңгеге жасаған. Бұл деген керемет”, – деп жазды.