Студенттер жапырақтан әл-Фарабидің портретін жасап шықты (видео)

0
667

Жастар бұл көркем туындыны мерейтойлық жылға арнады.


Студенттер жапырақтан әл-Фарабидің портретін жасап шықты (видео)

ERNUR.KZ. ҚазҰУ студенттері мен Алматы қаласының еріктілері жапырақтан ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің портретін жасап шықты, деп жазады baq.kz.

Еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың стадионында ерекше туынды – әл-Фарабидің бейнесі пайда болды, бұл кездейсоқтық емес. Университет әлемде адамзаттың Екінші ұстазы аталатын ұлы философ әрі ғалымның есімімен аталады. Биыл ЮНЕСКО қарамағында әл-Фарабидің 1150 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтілуде. Жастар бұл көркем туындыны мерейтойлық жылға арнады.

ҚазҰУ шығармашылық топқа күрделі көркемдік шараны ұйымдастыруға қолғабыс етті. Идеяны жүзеге асыру үшін таңнан кешке дейін екі күндік дайындық жұмыстары жүргізіліп, Алматы парктері мен саябақтарынан жиналған бірнеше жүк көлік жапырақтары жұмсалды. ҚазҰУ стадионы қолдан жасалған биіктігі 76 метр және ені 66 метрді құрайтын орасан зор әл-Фарабидің ғажайып портретімен безендірілді. Ерекше шығармашылық флэш-мобтың қатысушыларының пікірінше бұл ұлы ойшылдың әлемдегі ең үлкен бейнесі. Ал, оны жасауға әл-Фарабидің қазақ жерінде туылуы және ортағасырлық еуропалық Ренессансқа бастау берген ғұламаның бай шығармашылық мұрасы еріктілерге шабыт берді, - делінген хабарламада.
Әл-Фарабидің портретін жапырақтармен бейнелеген – жас суретші Джохар Юнусов, ол белгілі тұлғалардың, тарихи қайраткерлердің және замандастарымыздың бейнелерін әртүрлі материалдардан және қалыптан тыс түрде жасайды. Оған қаланың әр түрлі университеттерінен келген ниеттестері көмектеседі. Жақында ғана талантты жас жігіт үлкен автотұрақта Абайдың портретін сумен «бейнелеп», бұл туындысын қазақтың ұлы ақыны мен ағартушысының 175 жылдығына арнады.

Ұшар биіктен әл-Фарабидің портреті тек өзінің көлемімен таңғалдырып қана қоймай, сонымен бірге ойшылдың көзқарасынан бейне бір өздерінің отандасын жадында сақтап, оның қайырымдылық, бірлік және өзара көмек көрсету туралы баға жетпес идеяларын қолданып келе жатқан өз туған жеріндегі отандастарына деген ризашылықты аңғаруға болады.



Посмотреть эту публикацию в Instagram
ҚазҰУ студенттері мен Алматы қаласының еріктілері Ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің портретін "салды", ол үшін "күздік бояулар" - жапырақтарды пайдаланды. Еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің стадионында ерекше сурет – әл-Фарабидің бейнесі салынды, бұл кездейсоқтық емес. Университетке әлемде адамзаттың екінші ұстазы саналатын ұлы философ әрі ғалымның аты берілген. Биыл ЮНЕСКО қолдауымен Әл-Фарабидің 1150 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтуде. Жастар көркем туындысын мерейтойлық жылға арнады. Толық ақпарат:www.kaznu.kz сайтында
Публикация от Қазақ Ұлттық Университеті (@kaznu_farabi)