Студенттердің шәкіртақысы екі есе өседі

0
433

Шәкіртақы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап өседі.


Студенттердің шәкіртақысы екі есе өседі

ERNUR.KZ. Ашық нормативтік-құқықтық актілердің жобалары порталында студент, магистрант және докторанттардың стипендиясын арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Онда шәкіртақы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап өсетіні, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы да ұлғаятыны көрсетілген.

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап:

- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер ("Денсаулық сақтау" бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 47 135 теңге;

- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 75 600 теңге;

- интерндер – 85 376 теңге;

- ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 107 061 теңге;

- "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 200 000 теңге;

- "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша докторанттар – 240 000 теңге;

- "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 123 122 теңге;

- Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;

- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;

- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 40 065 теңгеге өсу жоспарланған.