Су ресурстары министрлігі «Қазсушарға» тексеріс жүргізеді

0
762

Тексеріс ақпан айының соңына жоспарланған.


Су ресурстары министрлігі «Қазсушарға» тексеріс жүргізеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК қызметін тексереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен кәсіпорын басшыларының қатысуымен өткен кеңесте Аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш мәлімдеді.

Тексеріс ақпан айының соңына жоспарланған.

Сондай-ақ тексеріс аясында осыған дейін жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бойынша Жоғары аудиторлық палатаның ескертулерін жою бойынша жұмыс жүргізіледі.

Бұдан бөлек, министрлік мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне сәйкес «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК қызметін тексеруді бастады.

«Аудиттің басты мақсаты – ашықтық, кәсіпорын мен су саласын қаржылық сауықтыру. Жоғары аудиторлық палата мен Парламент депутаттары тарапынан сұрақтар мен ескертулер бар. Сондықтан барлық кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою қажет», - деді Ғалымжан Молдаш.