Су тасқыны: Өңірлерде отын қоры дайындалды

0
836

Еліміздің 20 өңірінде 111 бензин тасымалдаушы іске қосылды немесе аймаққа байланысты 1-18 сағат ішінде ЖЖМ жеткізуге дайын.


Су тасқыны: Өңірлерде отын қоры дайындалды

ERNUR.KZ. Су тасқынына байланысты өңірлерде 3,4 мың тонна бензин, 7,3 мың тонна дизель отыны, 45 мың тоннаға жуық авиаотын дайындалды, деп жазады baq.kz.

Қазіргі уақытта ТЖ жою үшін іске қосылған Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық Ұланның, ТЖМ бөлімшелері, әкімдіктер басым тәртіппен ЖЖМ-мен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ өңірлерде мынадай отын қорлары дайындалды: 3,4 мың тонна көлемінде АИ-80, АИ-92, АИ-95 автобензиндері, 7,3 мың тонна көлемінде жазғы және қысқы дизель отыны; РТ және ТС-1 авиаотыны - 44,8 мың тонна, 2,3 мың тонна көлемінде мазут отыны.

Еліміздің 20 өңірінде 111 бензин тасымалдаушы іске қосылды немесе аймаққа байланысты 1-18 сағат ішінде ЖЖМ жеткізуге дайын. Қажет болған жағдайда, бензин таситын көліктердің саны артады.

Қорғаныс министрлігі (Ақтөбе және Көкшетау қалалары) үшін қосымша ЖЖМ көлемі - 97 мың литр авиаотыны; Атырау облысы әкімдігіне (Атырау және Құлсары қалалары) - 171 мың литр дизель отыны және 24 мың литр АИ-92 бөлінді.

Ел бойынша ЖЖМ қорлары 1-1,5 айлық қажеттілікке сәйкес келеді және оларды Атырау және Павлодар МӨЗ үздіксіз, Шымкент МӨЗ жоспарлы жөндеуде толықтырады.

МӨЗ аумағынан қар уақтылы шығарылды, өндірістік кәріз желісі тазартылды, су тасқынына қарсы біліктер қалпына келтірілді.

Атырау МӨЗ және оның мердігерлік ұйымдары Атырау маңында, Жайық өзенінде және МӨЗ айналасында тәулік бойы жағалауды нығайту, металл конструкцияларын күшейту, жалпы ұзындығы 3 км және биіктігі 2,5-3 метр бөгеттер мен біліктер тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.

Ірі өндіруші жер қойнауын пайдаланушы компаниялар су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып, зардаптарды жоюға көмек көрсетеді. Атап айтқанда, компаниялар 544 арнайы техника бөлді, 2000-нан астам компания қызметкерлерінің су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды, қаржылық көмек түрінде 12,5 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының Қазақстандағы филиалы Бөрлі ауданының тұрғындары үшін өз қаражатына 100 жаңа үй салу туралы бастама көтерді.

Сондай-ақ компаниялар эвакуацияланған халықты вахталық лагерьлер мен жатақханаларға көшіруге және орналастыруға көмек көрсетеді.