Су тасқыны: Qoldau.gov.kz порталы іске қосылды

0
206

Орталық коммуникациялар қызметінің базасында, Үкіметтің қолдауымен осы контекст бойынша барлық қажетті ақпарат бір сайтта жинақталатын Qoldau.gov.kz ресурсы әзірленді.


Су тасқыны: Qoldau.gov.kz порталы іске қосылды

Платформа барлық қажетті ақпаратты бір сайтта жинақтау үшін құрылып отырғанын ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған ресурс қолдау шаралары туралы өзекті деректер, онлайн-өтініштер, жедел қорытындылар, соңғы жаңалықтар, ресми тұлғалардың өтініштері, министрліктер мен әкімдіктердің шығарылымдары .Барлық деректер мүмкіндігінше тез жаңартылып, қосылмақ.

"Су тасқыны басталғаннан бері ОКҚ базасында республикалық ақпараттық штаб ашылды. Осы уақыт ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 170-ке жуық брифинг өткізілді. Үкімет зардап шеккен өңірлердегі ахуал туралы және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданған барлық шаралар туралы дереу хабардар етеді. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде адамдар көптеген ақпарат алған жағдайда, оны тексеруге, ресми дереккөзбен кеңесуге мүмкіндігі болуы маңызды", -деп отыр вице-министр.
Су тасқынынан зардап шеккен әрбір азамат өз жағдайы туралы ақпаратты тексере алады. Жақын арада платформада осындай функция іске қосылмақ.