Су тасқынының алдын алуға 7 млрд теңге қаржы бөлінді

0
436

Қажетті қаржы жергілікті бюджет есебінен алынды.


Су тасқынының алдын алуға 7 млрд теңге қаржы бөлінді

ERNUR.KZ. Биыл 22 қаңтардан бастап Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы барлық жерде өткізілуде, деп жазады inbusiness.kz.

"Су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайдың алдын алу және ескертуге жергілікті атқарушы органдармен барлығы 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді", — деді ТЖМ өкілі Алтай Мырзабаев.

Биыл 22 қаңтардан бастап Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы барлық жерде өткізілуде. Оның аясында Республикалық жолдар желісінде су тасқыны кезеңінде қауіптілік деңгейі жоғары 396 учаске, сондай-ақ 68 көпір мен 650 су өткізу құбыры айқындалды. Жол-пайдалану техникасының шамамен 808 бірлігі бекітілді.

"Қауіптілік деңгейі жоғары учаскелердің ең көп саны Солтүстік Қазақстан облысында – 112 учаске, Ақмола облысында – 61 учаске және Қарағанды облысында – 43 учаске байқалады", – деді ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жол инфрақұрылымының ұзындығы 25 мың шақырымды құрайды.