Сыртқы істер министрлігі Таиландта 18 жастағы қазақстандықтың суға батқанын растады

0
4 737


Сыртқы істер министрлігі Таиландта 18 жастағы қазақстандықтың суға батқанын растады

ERNUR.KZ. 1 қыркүйек күні консулға Пхукет жағалауында жас жігіттің суға батып кеткені және оның Қазақстан азаматы болуы ықтимал деген мәлімет келіп түскен, деп жазады inbusiness.kz

"Екі күнге созылған іздестіру жұмысынан кейін таиландтық құтқарушылар 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Марқұмның ата-анасы Пхукетке келіп жетті және денені танып, анықтау процедурасына қатысады", - делінген хабарламада.