Такси жүргізушілер мен курьерлер ресми жұмысшы санатына енеді

0
556

Жаңа заң жобасы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.


Такси жүргізушілер мен курьерлер ресми жұмысшы санатына енеді

ERNUR.KZ. Таксимен табыс тауып, курьерлікпен күн көретіндер енді ресми жұмысшы санатына енеді. Яғни, жұмыспен қамтылғандар болып саналады, деп жазады sputnik.kz.

Жаңа заң жобасы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Такси қызметін көрсетсеңіз, интернет-платформалар немесе мобильді қосымша арқылы ашық табыс тапсаңыз, қоғамдық келісімшарт жасауға міндеттелесіз.
Тиісінше, әлеуметтік төлемдер қолжетімді болады. Министрлік жұмыссыздар қатарын осылай азайтуға белді бекем буды.