Талдықорған әкімдігі дайын желіні сметаға қосып, 160 млн теңгені ысырап етпек болған

0
1 012

Қадағалау актісі бойынша жобалау құжатына көрсетілген сома мен жұмысты алып тастау арқылы түзету енгізілді.


Талдықорған әкімдігі дайын желіні сметаға қосып, 160 млн теңгені ысырап етпек болған

ERNUR.KZ. Жетісу облысының прокурорлары 160 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп жазады Kazinform.

Талдықорған қаласының әкімдігі жобалау-сметалық құжаттамаға аулаларды абаттандыру бойынша басқа объектілерді салу кезінде жеке құрылыс салушылар салған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) жүргізуге кеткен шығыстарды қосып жіберген.

Қадағалау актісі бойынша жобалау құжатына көрсетілген сома мен жұмысты алып тастау арқылы түзету енгізілді.

«Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды» дейді прокуратурадан.