Талдықорғанда 17 жастағы студент менингиттен қайтыс болды

0
1 788

Айта кету керек, бұл менингит дертін жұқтырып, адам өлімімен аяқталған Талдықорғандағы екінші жағдай. Бұған дейін қалада 2 жасар қыз бала инфекциялық ауруханада көз жұмған болатын. Ал жалпы облыс бойынша аталған дерттен 4-ші адам көз жұмды.

Талдықорғанда 17 жастағы студент менингиттен қайтыс болды

ҚазАқпарат - Талдықорғанда тағы бір адам менингокок инфекциясынан көз жұмды. Аталған ақпаратты облыс әкімінің баспасөз хатшысы растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Иә, 17 жастағы студенттің менингокок инфекциясынан көз жүмғанын растаймыз. Науқастың ауруы жедел түрде өткен. Ол ауруханаға жеткізілгенде жағдайы өте ауыр болған. Студенттің нақты қай оқу орнында оқығаны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ», - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Сондай-ақ Ғ.Жүкел науқас 4 маусым күні сағат 18:30 шамасында Талдықорғандағы көпсалалы ауруханада қайтыс болғанын мәлім етті. Оның сөзінше, студент өзге науқастардан оқшауланған.