Талдықорғанда жаппай төбелеске қатысқан 8 адам ұсталды

0
1 403

Жетісу полициясы жаппай төбелеске қатысы бар тағы 5 адамның қамауға алынғанын жария етті.


Талдықорғанда жаппай төбелеске қатысқан 8 адам ұсталды

ERNUR.KZ. 30 желтоқсан күні Талдықорған қаласындағы кафелердің бірінде шу шығып, келушілер арасындағы кикілжің жаппай төбелеске ұласты. Оқиға орнына келген полиция үш адамды ұстады, деп жазады inform.kz.

Бүгін Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындарының тыныштығын бұзған оқиға жайында мәлімдеме жасаған Жетісу полициясы жаппай төбелеске қатысы бар тағы 5 адамның қамауға алынғанын жария етті.

- Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-тармағы бойынша іс қозғалды. Күдіктілер қоғамдық орында тәртіпсіздік ұйымдастырып, топтық төбелеске қатысқаны үшін айыпталып отыр, - дейді Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы Арман Саданов.