Танымал әншінің концертіне 9 көрермен ғана келді

0
3 926

"Бұл концерт туралы неге алдын ала хабарландыру болмағанын сұрағанымда, ол билеттер мекемелерге сатылғанын, сол себепті қалада хабарландырулар ілінбегенін айтты."


Танымал әншінің концертіне 9 көрермен ғана келді

фото: ашық дереккөзден

20-21 ақпанда Атыраудағы М.Өтемісұлы атындағы академиялық драма театрда белгілі әнші Бауыржан ИСАЕВТЫҢ концерті өтті. Оның келетіні жөнінде халыққа алдын ала хабарланбағандықтан, бірінші күні залда тек тоғыз ғана көрермен болды, - деп хабарлайды «Ақ Жайық» басылымы.

Сол күні театр кассасына басқа шаруамен барып тұрғанда, алдымнан өзін Жақсылық деп таныстырған бір ер адам бір сағаттан соң Бауыржан Исаевтың концерті болатынын айтып, билет құны «небәрі 1000 теңге» екенін және «небәрі 10-ақ билет» қалғанын айтты. Бұл концерт туралы неге алдын ала хабарландыру болмағанын сұрағанымда, ол билеттер мекемелерге сатылғанын, сол себепті қалада хабарландырулар ілінбегенін айтты. Басталар уақытта залға адам жиналмаған соң, концерт өтпейтін шығар деп топшылап отырғанымызда әнші сахнаға шықты. «Не деген көпсіздер!» деп сөзін бастаған Бауыржан Исаев 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы концертінде небәрі үш адам жиналғанына қарамастан концерт өткізгенін есіне алды. «Оның қасында тоғыз адам әжептәуір ғой» деп әзілдеп те қойды. Жалпы, концерт бойы әнімен ғана емес, әзілімен де көрермен көңілін көтеріп отырды.