Танымал жазушы, ақын Есенғали Раушанов өмірден озды

0
1 671

Есенғали Раушанов әр жылы "Жалын", "Арай" журналында бөлім меңгерушісі, "Зерде" журналының бас редакторы, "Жазушы" баспасының директоры қызметін атқарды.


Танымал жазушы, ақын Есенғали Раушанов өмірден озды

Қазақтың танымал ақыны, жазушы Есенғали Раушанов өмірден өтті. Бұл туралы ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Қадірлі ағайын!

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтан айырылып қалдық.

Алла алдынан жарылқасын.

Асыл рухы бейіштің төрінде шалқысын»,- деп жазды ол.


Есенғали Әбдіжаппарұлы Раушанов 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда дүниеге келген. Белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері.

1983–1987 жылдары «Жалын» және «Арай» журналдарында поэзия бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, 1988–1995 жылдары «Білім және еңбек» («Зерде») журналының бас редакторы қызметін атқарды. «Жазушы» баспасының директоры болды.

Белгілі қаламгердің «Бастау» (1980), «Келінтөбе» (1984), «Шолпан жұлдыз туғанша» (1986), «Ғайша бибі» (1992), «Қара бауыр қасқалдақ» (1995), «Періштелер мен құстар» (2005), «Бозаңға біткен бозжусан» (2006), «Құстар біздің досымыз» (2007) секілді бірқатар жыр жинақтары жарық көрген.